ХАМАС Газаға шабуыл жасалуына жол бермеуге үндеді
АСТАНА. KAZINFORM — ХАМАС саяси бюросының басшысы Халил әл-Хайя қазіргі атысты тоқтату туралы келісімді бұзуға, әскери операциялардың жалғасуына және Газа секторын қоршауға алуға жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Anadolu жазды.
Әл-Хайяның айтуынша, ХАМАС басқа палестиналық топтармен шабуылдарға қарсы қандай шара қолдануға болатыны жайлы кеңесіп өткізіп жатыр. Бірақ, талқыланып жатқан қадамдардың егжей-тегжейін ашып айтпады.
Anadolu агенттігінің мәліметі бойынша, кейінгі 48 сағат ішінде Израильдің Газа секторына шабуылдары салдарынан 18 адам қаза тауып, 48 адам жараланды, олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.
Агенттіктің мәліметі бойынша, 2025 жылдың 10 қазанында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен бері 1 705 адам қаза тауып, 6 163 адам жараланған. 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторында қаза тапқандар саны 74 772-ге жетті, сондай-ақ 176 298 адам жараланған.
Бұған дейін Израиль Газаның орталығында жердегі әскери операцияға кіріскені хабарланған.
БҰҰ Газада 2 миллионға жуық адам баспанаға мұқтаж екенін мәлімдеді.