08:05, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
ХАМАС Израильмен бітімге келісті
ТЕЛЬ-АВИВ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат – Палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильмен 1,5 жылға бітімге келісетіні туралы Мысырды хабардар етті,

деп хабарлады жұма күні қозғалыстың Саяси бюросы басшысының орынбасары Мұса Әбу Марзук. «Біз Израильмен 1,5 жыл мерзімге бітімге келістік, бітімнің аясында Газа секторы мен Израиль шекарасындағы барлық алты шекара өткелі ашылады және кез-келген әскери әрекет пен агрессия тоқтатылатын болады», дейді Әбу Марзук. Оның айтуынша, бітім туралы келісімнің күшіне енуі туралы ресми мәлімдемені Мысыр үкіметі алдағы күндері жария етеді.