02:50, 20 Қаңтар 2025 | GMT +5
ХАМАС Израильдің үш тұтқынын Қызыл Крест ұйымына тапсырды
Кепілге алынған алғашқы үш адам Нетзарим дәлізі аймағында израильдік әскерилерге тапсырылады, деп хабарлайды BILD.

Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Израиль армиясының тікұшақтары кепілге алынған Роми Гонен, Эмили Дамари және Дорон Штайнбрехерді тасымалдауға қазірден дайын. Олар бостандыққа шыққандарды ауруханаларға апарып, медициналық көмек көрсетіп, отбасыларымен көптен күткен кездесуін өткізеді.

Айта кетейік, Израиль жексенбі күні Газадан алғашқы кепілге алынғандар босатылатынын мәлімдеді.
Израиль ХАМАС-пен Доха келісіміне қол қойғанын растады.
Оның алдында ғана Израильдің Газа секторына жасаған соққысынан ХАМАС полициясының басшысы қаза тапты.