ХАМАС Израильге оқ жаудырды

АСТАНА. KAZINFORM – Палестиналық ХАМАС тобы Израильге қарсы оқ жаудырды. Израиль армиясының мәліметінше, зымырандардың бірі Тель-Авив маңындағы теңізге, екіншісі Газа секторына құлаған. Аталған оқиға туралы BILD Telegram арнасы хабарлады. 

ХАМАС Израильге оқ жаудырды
Фото: HANDOUT

Бұл – Хамастың мамыр айының соңынан бері Тель-Авивке жасаған алғашқы шабуылы. Куәгерлер жарылысты естігенін айтып отыр. 

Израиль армиясының Газадағы операциясына қарамастан, ұйым әлі де лаңкестік шабуылдар жасауға қауқарлы екенін көрсетті. 

6 тамызда палестиналық Хамас ұйымы саяси бюроның жаңа басшысы болып Теһранда өлтірілген Исмаил Ханияның орнына Яхья Синвардың тағайындалғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропаның үш мемлекеті Иран мен оның одақтастарын Израильге шабуыл жасаудан бас тартуды өтінгенін жазған едік.