ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды мүшелері Қатардан Түркияға көшті

АСТАНА. KAZINFORM – Доха Израиль мен ХАМАС арасындағы арадағы келіссөздерден бас тартқан соң ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды мүшелері Түркияға көшті. Бұл туралы «The Times of Israel» хабарлады. 

ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды мүшелері Катардан Түркияға көшті
Фото: timesofisrael.com

Қараша айының басында Қатар Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздерге делдалдықты тоқтатты. Катар Сыртқы істер министрлігінің басшысы Маджид бен Мұхаммед әл-Ансари Газадағы атысты тоқтату мәселесін шешуде екі жақ байсалдылық танытса, Доха қайтадан арағайындыққа келуге дайын екенін айтты.

– ХАМАС-тың жоғары лауазымды мүшелері өткен аптада Қатардан Түркияға көшті, өйткені Доха Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердегі делдалдықтан бас тартады, – делінген хабарламада.

Аты-жөнін атамауды өтінген араб дипломатының The Times of Israel газетіне айтуынша, Катар Израильмен келіссөздерге ресми түрде араша болған кезде де ХАМАС қозғалысының басшылығы көп уақытын Түркияда өткізген.