ХАМАС палестиндіктердің талаптарын орындамаса Израильге қарсы соғыс ашатынын мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ХАМАС ұйымы егер Израиль билігі палестиндіктердің Каирде жарияланған барлық талаптарын орындасмаса, ұзаққа созылатын соғыс ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Росбалт.

ХАМАС палестиндіктердің талаптарын орындамаса Израильге қарсы соғыс ашатынын мәлімдеді

«Израиль Палестина халқының талаптарын орындауға тиіс немесе соғысқа дайындалсын!» - деп жазады ұйым өкілі Усама Хамда өзінің Facebook парақшасында.

Бұдан бұрын ХАМАС басшыларының бірі Исмаил Хания екі шарт қойған болатын: Израиль Газа секторындағы экономикалық шектеулерін алуы тиіс және палестиндіктердің жүріп-тұруына жол ашуы тиіс.

Айта кетейік, 11 тамызда Мысырда Палестина мен Израиль делегациялары бір үстел басына отырып, Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздерін бастаған болатын. 13 тамызда ХАМАС пен Израиль кезекті бітімгерлікке қол жеткізді. Бұл келісім 18 тамызда, яғни ертең бітеді.