ХАМАС содырлары Иерусалимде болған атысты ұйымдастырғандарын мәлімдеді

ХАМАС тобы Иерусалимге кірер жолдағы автобус аялдамасында болған атысты өз мойындарына алды. Атыс салдарынан үш адам мерт болды. Олардың бірі жас әйел болса, екеуі егде жастағы адам, деп хабарлайды Kazinform BBC News сайтына сілтеме жасап.

ХАМАС
Фото: timesofisrael.com

Иерусалимнің батысындағы Рамот елді мекенінде оқ атқан екі ер адамды полиция атып тастады.

«Бұл операция басқыншылардың Газа секторындағы бұрын-соңды болмаған қылмыстарына берген біздің заңды жауабымыз»,-делінген ХАМАС мәлімдемесінде.

Айта кетейік, осыған дейін Иерусалимде белгісіз біреу аялдамадағы адамдарға оқ жаудырғанын жаздық.