ХАМАС соғысты тоқтатуға келісті, алайда Израиль шабуылды қоятын ойы жоқ

Идут бои в Рафахе
Фото: The Times of Israel

АСТАНА. KAZINFORM – ХАМАС дүйсенбі күні кешке Мысыр мен Қатардың Газа секторында Израильмен соғысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын жариялады. Дегенмен Израиль тарапы әлі ойланып жатыр, деп хабарлайды Еuronews.  

ХАМАС-тың келісімі Израиль әскери операция алдында 100 мың палестиналықты оңтүстіктегі Рафах қаласынан эвакуациялауға бұйрық бергеннен кейін бірнеше сағат өткенде белгілі болды. 

Мысыр мен Қатар тарапынан жасалған ұсыныстың егжей-тегжейі әлі жарияланған жоқ. 

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ресми өкілдер ХАМАС мақұлдаған атысты тоқтату туралы ұсынысты зерттеп жатыр.

ХАМАС бекіткен жоспардың «Израиль ұсынған шеңбер аясына» сәйкес келмейтіні атап өтілді.

Соңғы күндері келіссөзге қатысқан шенеуніктердің мәлімдеуінше, атысты тоқтату бірнеше кезеңнен тұрады, оның барысында ХАМАС Израиль әскерлерінің Газадан шығарылуына айырбас ретінде ұстап отырған кепілге алынған адамдарды босатады. 

Израиль қорғаныс күштерінің Тель-Авивтегі штаб-пәтері маңына жиналған наразы топ бітімге келуді және кепілге алынғандарды қайтаруды талап етті. 

ЦАХАЛ ресми өкілі Даниэль Хагаридің мәлімдеуінше, Израиль ХАМАС-тың атысты тоқтату туралы ұсынысына жауабын, сондай-ақ кепілге алынғандарды қайтаруға әкелетін кез келген нұсқаны қарастырып жатыр.  

Содан кейін Израиль қорғаныс күштері Рафахтың шығысындағы ХАМАС содырларымен байланысты нысандарға соққы жасап жатқанын хабарлады.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, Израильдің әскери кабинеті кепілге алынғандарды босатуды жеңілдету және басқа да соғыс мақсаттарына жету мақсатында ХАМАС-қа әскери қысым көрсету үшін Рафахтағы операцияны жалғастыру жөнінде шешім қабылдаған.

Израиль үкіметі өз адамдары Мысырдағы арағайынмен кездесетінін, бірақ әскерилерге Рафахтағы операцияны жалғастыруға бұйрық бергенін мәлімдеді. 

Израиль Газадағы бітімге келу туралы ұсынысты қабылдамады және оны еврей мемлекетінің негізгі талаптарынан «алшақ» деп атады.

«Әскери кабинет Израильдің Рафахтағы операциясын ХАМАС-қа біздің кепілге алынғандарды босату және басқа соғыс мақсатына жету үшін әскери қысым көрсетуді жалғастыру туралы шешімді бірауыздан қабылдады» делінген Нетаньяху кеңсесінің мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар