Хамес Родригес «Реалға» екі күнде 25,2 млн. еуро табыс әкелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал» футбол клубы топқа жаңа қосылған колумбиялық жартылай қорғаушы Хамес Родригесті таныстырудан кейін небәрі 48 сағат ішінде оның атына шығарылған 345 мың жейдені сатып үлгерген, деп жазады Лента.ру.
Бағасы 75 еуроны құрайтын бұл жейделердің сағатына орта есеппен 7187 данасы сатылуда. Осылайша «Реал» клубы екі тәулік ішінде 25,2 млн. еуро табысқа қол жеткізіп отыр.
Хамес Родригеспен Реал арасында келісімшарт 6 жылға жасалды. 23 жасар Хамеске Мадрид клубы €80 млн. жуық қаражат төлеген.
Айта кетейік, Колумбия құрама командасының футболшысы Хамес Родригес биылғы Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанып, «Алтын бутсы» сыйлығын жеңіп алған болатын.