Хамид Карзай Ауғанстан депутаттарын АҚШ-пен келісуге шақырды

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Ауғанстан Президенті Хамид Карзай Жоғарғы барша ауған ассамблеясына қатысушыларды 2014 жылдан кейін америкалық әскердің елде қалуына мүмкіндік беретін келісімді Вашингтонмен қарастыруға шақырды.

Хамид Карзай Ауғанстан депутаттарын АҚШ-пен келісуге шақырды
ВВС-дің жазуынша, ассамблеяның ашылуы барысында Карзай АҚШ президенті Барак Обама аталған келісім өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын айтып, сендіргенін хабарлады. Сонымен қатар, ауған көшбасшысы келісімді Үндістан, Қытай және Ресей қолдап отырғандығын атап өтті. Атап айтқанда, келісімде талас тудыратын пунктердің бірі америкалық әскерилерге жергілікті тұрғындардың үйіне кіруіне рұқсат беруге байланысты болып отыр. Сонымен қатар, әзірге аталған әскерилердің ауған немесе АҚШ заңына бағынуы келісілмеген. Бұдан бұрын Карзай 2014 жылдан кейін Ауғанстанда 15 мыңға дейін шетелдік жауынгер қалуы мүмкін екенін мәлім етті.