Хамид Карзай Ауғанстан президентінің лауазымына кірісті
АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат - Ауғанстанның екінші мерзімге сайланған президенті Хамид Карзай Ауғанстанның ресми басшысы ретінде бүгін ант қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
«Мен қасиетті Ислам дінінің заңдарын, конституция талаптарын және Ауғанстанның басқа да заңнамаларын орындауға және сақтауға және олардың орындалуын бақылауға ант етемін», - деп мәлімдеді Карзай Кабулдағы президенттік сарайда өткен ресми салтанат кезінде.
Карзай елді таяудағы бес жыл бойы басқаратын болады.