18:53, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Хамид Карзай: дауыстар әділ және бейтарап саналды
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Карзай жақында елде өткен президенттік сайлаудың дауыстары «бейтарап және әділ» саналды деп мәлім етті.

Бұл туралы ВВС телекомпаниясының орыс қызметі хабарлап отыр.
Бюллетеньдердің 99 пайыздан астамының саналуына сәйкес, Хамид Карзай 54,1 пайыз дауыс алып, өз қарсыластарын бірінші турда жеңіп шықты.
Дегенмен, көптеген жұрт сайлаудың өткізілуі мен дауыстардың саналу барысын сынап отыр.