Хамид Карзай НАТО-ның ұшқышсыз ұшақтарына «есігін» тарс жапты

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Кабул қаласында әскери академия шәкірттерінің алдында сөз сөйлеген Ауғанстан Президенті Хамид Карзай НАТО жауынгерлерінің ел тұрғындарына әуеден соққы беруіне жол бермейтінін мәлімдеді.
None
None

Осы мақсатта ол жексенбі күні арнайы қаулыға қол қоюды көздеп отыр, деп жазады muslim.kz.

Оның бұлай мәлімдеме жасауына осыдан бір апта бұрын Кунар провинциясындағы атыстан 10 бейбіт тұрғынның, соның ішінде, әйелдер мен балалардың қаза табуы себеп болды. Бұл соққы «әл-Каидамен» байланысы бар тәліптердің көзін жою операциясына қатысқан ауған командирінің сұрауы бойынша берілген болатын. Нәтижесінде «әл-Каиданың» шекпенінен шыққан үш содырдың көзі жойылып, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да қаза тапқан.

Ауғанстандағы әскери операция барысында бейбіт тұрғындардың да зардап шегуі - ел билігі мен НАТО күштерінің қарым-қатынасына сызат түсірген болатын.

Бұған қоса, ел Президенті ауған әскерінің елдегі жағдайды сыртқы күштердің көмегінсіз-ақ бақылауда ұстап, тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ете алатынын жеткізді.

«Біздің ұлттық қауіпсіздік күшіміз 2014 жылдың соңына қарай елдегі жағдайды бірқалыпты ұстап тұруға дайын. Ауғандықтарға шет елдің көмегі қажеті емес», - деп мәлімдеді ел Президенті.

2014 жылдың соңына дейін НАТО әскері ауған аумағынан кететіні жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар