Хан Ордасы, Сарайшық, Жошы хан кесенесі туристерге қолжетімді бола түсті

Хан Ордасы, Сарайшық, Жошы хан кесенесі туристерге қолжетімді бола түсті
Фото: e-history.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл бірнеше тарихи нысан туристер үшін қолжетімді болады. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

«Маңызды жобалардың ішінде жағажайлардағы туристік объектілерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған «Каспий» тұщыландыру зауытының қуаттылығын арттыру жобасын атап өткім келеді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы, Атырау қаласындағы Сарайшық қалашығына және Ұлытау облысындағы Жошы хан кесенесіне дейінгі жолдарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл – мәдени-туристік нысандардың қолжетімділігін айтарлықтай арттырады», - деді Ермек Маржықпаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, былтыр инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жалпы құны 31 млрд теңгеге 33 жоба іске асырылды. Биыл 289 млрд теңгеге 70 жоба жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар