«Хан Шатырда өрт болды» — ТЖМ оқиғаның мән-жайын түсіндірді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында өрт болып жатқаны туралы хабар беріліп, өрт сөндірушілер ғимаратқа шұғыл жеткен. Оқиғаның мән-жайын ҚР ТЖМ баспасөз қызметі түсіндірді.
«Сағат 23.35-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері „Хан Шатыр „СОО-дан түскен аса шұғыл шақыртуға барды (5 минутта жетті).
Өрт сөндірушілер ғимаратты дереу барлауға кірісті.
Барлау қорытындысы бойынша өрт шығу фактісі расталмады, бар болғаны сауда, ойын-сауық орталығы ғимаратының шатыры буланып жатқан болып шықты“ делінген хабарламада.