«Хан Шатыр» маңында ірі инвестициялық жоба аясында 12 нысанның құрылысы басталды
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының маңында ірі инвестициялық жоба аясында 12 нысанның құрылысы басталды.
Бұл туралы бүгін қолжетімді баспана мәселесіне арналған шара барысында «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов мәлім етті.
«Астанада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінің батысында, «Мыңжылдық» аллеясы маңында орналасқан аумақты, сондай-ақ Қабанбай батыр дағылының әуежай қиылысынан бастап, Сығанақ көшесімен қиылысқан тұсына дейінгі бос жерлер қарқынды түрде игеріле бастайды. Аталмыш инвестициялық жобаға 8,5 млн. шаршы метр жер бөлу қарастырылған және 12 нысанда құрылыс жұмыстары басталып та кетті», - деп атап өтті ол.