«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Қазпошта» АҚ жаңа бөлімшесі мен филателиялық салоны ашылады

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Шілденің 6-сы күні Астанадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Қазпошта» АҚ жаңа бөлімшесі мен филателиялық салоны ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін осы орталықтың ашылуы қарсаңында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Д. Молдағалиев пен Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Қ. Жаңабергеновтың қатысуымен «Хан Шатыр кешені» пошта маркасына мөртабан басу рәсімі өтті. Бұл марка бүгіннен бастап айналымға енгізілмек.

«Хан шатырдағы» жаңа бөлімшеде тұтынушылар мен кешеннің қызметкерлеріне «Қазпошта» АҚ бөлімшесі пошталық және қаржылық қызметтер көрсетпек. Атап айтқанда: жедел аударымдар, коммуналдық және салықтық төлемдер, жалақы мен зейнетақы төлеу, ұялы байланыс қызметіне on-line режимінде төлемдер қабылдайды. Пошта бөлімшесінде «Қазақтелеком» қызметін төлеп, несие өтеп, банктік және депозиттік шоттар ашуға болады. Іскер және ұтқыр адамдар үшін таңғы сағат 10-ға дейін жеткізілетін, жүру бағытын www.kazpost.kz сайтындағы бақылау жүйесі арқылы көруге болатын, «Таң-10» қызметін «EMS Kazpost» қызметі ұсынады.

Соңғы жаңалықтар