22:25, 14 Наурыз 2017 | GMT +5
«Хан шатырда» құны 1,7 млн теңге тұратын тонды ұрлау сәті түсіп қалған видео желіге тарап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері елордадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде құны 1,7 млн теңге тұратын тонды қолды еткен күдіктіні іздеуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұрлық бейнеленген видео Инстаграмда жарияланды.
«Абай болыңыздар! Хан шатыр. Тонды ұрлап кетті. Тонның құны 1 700 000 теңге. Ұрлықшы әзірге табылмады», - деп жазды Rozysk_kz парақшасында.
ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі растағандай, осы факті бойынша (ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық жасау») сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер азаматтарға қоғамдық орындарда жүргенде жеке заттарға сақ болуды ескертуде.
Соңғы жаңалықтар