«Хан Шатыры» ойын-сауық орталығында «Қазпошта» АҚ жаңа бөлімшесі мен филателиялық салоны ашылады

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Шілденің 6-сы күні Астанадағы «Хан Шатыры» ойын-сауық орталығында «Қазпошта» АҚ жаңа бөлімшесі мен филателиялық салоны ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін осы орталықтың ашылу қарсаңында «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Д. Молдағалиев пен Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Қ. Жаңабергеновтың қатысуымен «Хан Шатыры кешені» пошта маркасына мөртабан басу рәсімі өтті. Бұл марка бүгіннен бастап айналымға енгізілмек.

«Хан Шатырындағы» жаңа бөлімшеде тұтынушылар мен кешен қызметкерлеріне «Қазпошта» АҚ бөлімшесі пошталық және қаржылық қызметтер көрсетпек. Атап айтқанда: жедел аударымдар, коммуналдық және салықтық төлемдер, жалақы мен зейнетақы төлеу, ұялы байланыс қызметіне on-line режимінде төлемдер қабылдайды. Пошта бөлімшесінде «Қазақтелеком» қызметін төлеп, несие өтеп, банктік және депозиттік шоттар ашуға болады. Іскер және ұтқыр адамдар үшін таңғы сағат 10-ға дейін жеткізілетін, жүру бағытын www.kazpost.kz сайтындағы бақылау жүйесі арқылы көруге болатын, «Таң-10» қызметін «EMS Kazpost» қызметі ұсынады.

Соңғы жаңалықтар