Хан Тәңірі шыңының басына Қазақстанның туын желбірету Азиада қарасаңында спортшыларға жасаған үлкен сыйымыз болды- альпинист А. Сафрыгин
АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның туын және 7-Қысқы Азия ойындарының жалауын еліміздегі ең биік шың - Хан Тәңірі шыңының басына желбірету Азиада ойындары қарасаңында қазақстандық спортшыларға жасаған үлкен сыйымыз болды.
20- қаңтарда Қазақстанның туын және 7-Қысқы Азия ойындарының жалауын еліміздегі ең биік шың - Хан Тіңірі шыңының басына желбірету бақытына ие болған қазақстандық 3 альпинстің қатарында болған Александр Сафрыгин аталмыш шараға қатысты бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында кезінде айтты осындай ой айтты. .
«Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, біз бұл экспедиция кезінде діттеген мақсатымызға бойымыздағы ерік-жігердің және кәсіби біліктіліктің арқасында қол жеткіздік. Хан Тәңірі шыңына Қазақстанның туын және 7-Қысқы Азия ойындарының жалауын желбіреттік. Бұл Азия ойындарына қатысатын спортшыларға біздің үлкен сыйымыз болып отыр. Тянь-Шань тауындағы суықты тілбен айтып жеткізе алмаймын. Мұздатқышта отырғандай болған ұзақ түндер ешқашан ұмытылмайтын шығар», дейді А. Сафрыгин.
Оның пікірінше, спортшы үшін Хан Тәңірі шыңын бағындырған экспедицияның құрамында болу және бұл істің Азиада қарсаңында жүзеге асуы тек спорттық жетістік қана емес, зор мақтаныш тудыратын іс болып табылады.
Жалпы бұл қазақстандық спортшылардың соңғы 10 жылдың ішінде Хан Тәңірі шығына жасаған үшінші сәтті экспедициясы болып отыр. Бұған дейін Хан Тәңірі шыңына жорық 2001, 2003 жылдары жасалған еді. Бұл сапарда ондай мәртебеге Александр Сафрыгиннің командалдас серіктері Василий Пивцов пен Ильдар Ғаббасовпен бірге қол жеткізді.