Ханойда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Желтоқсанның 22-сінде Вьетнам астанасы Ханойда сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің айтуынша,  келіссөздерге Қазақстан жағынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, ал Вьетнам тарапынан өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зань Винь бастаған делегация қатысатын болады.

Аталған шара аясында екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту болашағы, сондай-ақ биылғы жылдың қыркүйегінде Вьетнам Премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланбақ.

Соңғы жаңалықтар