Ханты-Мансийскіде бильярдтан Әлем чемпионатының ақтық бөлімі өтті

АЛМАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 14-17 қараша күндері бильярдтың «Динамикалық пирамида» түрінен ерлер арасында Әлем чемпионатының ақтық бөлімі өтті.
None
None

Оған Ресей, Әзірбайжан, Германия, Сербия, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Чехия, Украина, Латвия, Беларусь, Молдова, Финляндия, Словакия, Өзбекстан елдерінен 88 спортшы қатысқан болатын. Онда украиналық Ярослав Тарновецкий бірінші, ресейлік Павел Черновцы мен  Петр Данилов 2-3 орынды бөлісті. Қазақстандықтар арасынан ең жоғары нәтижеге ие болған тараздық Пан Максим 23-ші орын алса, ақтөбелік Азат Түменов 26-шы, қарағандылық Әлібек Омаров 39-шы, Юрий Радченко 57-ші, алматылық Ернар Шымбаев 68-ші, астаналық Қуаныш Абпасов 78-ші, тараздық Ғани Шардарбеков 85-ші сатыға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар