02:46, 22 Қараша 2014 | GMT +5
Ханзада Гарри ойламаған жерден мешітке бас сұқты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британ билігінің төртінші тақ иегері ханзада Гарри Оман астанасы Маскат қаласындағы іссапары барысында ойламаған жерден Орталық мешітке бас сұғып, аралап шығуды жөн санады, деп хабарлады https://muslim.kz.

Құлшылық ордасына тәртіп бойынша, аяқ киімін шешіп кірген ол мешіт ғимаратының таңғажайып сұлулығына таң-тамаша қалды. 20 000 жан сыятын алып мешіт туралы кейбір ақпараттарды ханзада Гарри өзі сұрап біліп отырды. Соңынан мешіт кітапханасына бас сұққан ол қабырғада ілініп тұрған әкесі Чарльздың суретін көріп, алғысын білдірді.
Еш ескертусіз, ойламаған жерден мешітке келген ханзаданың бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың мақтаныш сезімін туғызды. Мәз-мейрам болған олар ханзаданы алыстан суретке түсіруге тырысты.