Ханзада Уильям мен Кейт Миддлтон сәбилерінің есімін қойды
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Кембридж герцогі мен герцогинясы Уильям мен Кейттің жаңа туған ұлдары, Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-нің шөбересіне Джордж Александр Луи деген есім берілді.
Бұл туралы The Guardian хабарлайды.
Баланың есімі герцогиня ауруханадан шыққаннан кейін, сәби дүниеге келгеннен соң екінші күні белгілі болды.
Ресми түрде оны жоғары мәртебелі Георг Кембридж ханзадасы деп атайтын болады.