Харьковтағы көпқабатты үйде жарылыс болды
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Харьковтағы көпқабатты, зәулім үйде жарылыс болды. Орын алған оқиғаның салдарынан 3 адам мерт болды, 4-уі жарақаттанды, деп хабарлады РБК.
Оқиға Мәскеу өткелі, 248-б көшесінің бойында орналасқан 16 қабатты үйдің жоғары қабаттарының бірінде болған. Жарылыстың соңы өртке ұласты, жалын 5 пәтерді шарпыды, деп хабарлады Харьковтың қалалық кеңесі.
Қазірі уақытта өрт сөндірілді, жарылыстың себеп-салдарлары анықталуда. Қаза болғандардың барлығы жарылған пәтердің тұрғындары екені белгілі болды.
Жергілікті билік өкілдері зақымданған пәтерлердің тұрғындарын қаланың қонақүйлеріне орналастыру мәселесін шешуде.
Естеріңізге сала кетейік, қарашаның соңында Томскіде тұрғын үйде жарылыс болған еді. Жарылыс 2 адамның өмірін қиып кетті. 8 адам жарақат алды. Төтенше жағдайға пәтерлердің бірінде төбені жөндеу жұмыстары кезінде газ баллонның жарылысы себеп болды. Оқиғаның салдарынан бірнеше пәтер зақымданып, екі балкон опырылып құлады.