07:58, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Харбинде XXIV қысқы Универсиада басталады
ХАРБИН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Әлемнің 50-ден астам елінің студенттері қатысатын XXIV қысқы универсидада бүгін, ақпанның 18-і күні Харбинде басталады (Қытай),
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Универсиада спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Ақпанның 18-і мен 28-і аралығында өтетін бәсекеде қазақстандықтар спорттың 5 түрі бойынша сынға түседі. Қазақстанның Студенттер спорты федерациясының мәліметіне қарағанда, конькимен жүгіруде Николай Улитиннің бапкерлігімен Елена Обатурова, Сергей Мелехов, Денис Кузин мен Антон Суровяткин бақ сынамақ. Шаңғымен тұғырдан секіруде жаттықтырушы Павел Васильев шәкірттері Антон Канкенов пен Геннадий Семеновқа үміт артуда. Шорт- тректе бапкер Мәдіғали Қарсыбеков ерлер арасында Аслан Даумов, Нұрберген Жұмағазиев, Андрей Сметанин мен Андрей Старженскийге, қыздар арасында Галина Дудко мен Елизавета Сигуленковаға сенім білдіріп отыр.