«Харви» дауылынан 40-қа жуық адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатында «Харви» тропикалық дауылынан мерт болған саны 40-қа жуықтады, деп хабарлайды Росбалт.
None
None

Табиғат апатына байланысты ел президенті Дональд Трамп Техас штатына тағы да келді. Ол сейсенбі күні жұбайымен дауыл болған аймақта болып, құтқару жұмыстарымен танысқан болатын.

БАҚ таратқан мәліметтерге қарағанда, «Харви» дауылының залалы рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін. Шығынның жалпы құны 160 млрд долларды құрап, АҚШ жалпы ішкі өнімінің бір процентіне тең келуі ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар