06:15, 16 Шілде 2017 | GMT +5
Хайнань аралына тропикалық дауыл жақындап келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хайнань аралы және Вьетнамның солтүстік-шығыс жағалауы жақындап келе жатқан «Талас» тропикалық дауылға дайындалып жатыр, деп хабарлайды STORMnews.

Тропикалық дауыл Оңтүстік Қытай теңізінде пайда болған. Ол жоғары жылдымдықпен солтүстік-батысқа қарай жылжып келеді. Ұлттық гидрометеорологиялық орталықтың таратқан мәліметтеріне қарағанда, дауылдың жылдамдығы 65 км/с жетуі мүмкін.