Хайнань аралындағы су тасқынынан 1,33 млн. адам зардап шекті

БЕЙЖІҢ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/- Хайнань демалыс аралының басым бөлігі өткінші жаңбырдан кейінгі су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігі.

Хайнань аралындағы су тасқынынан 1,33 млн. адам зардап шекті

Су апатынан 1,33 млн. адам зардап шекті, 140 мың жергілікті халық қауіпсіз жерлерге көшірілді, 2 мың тұрғын үй қираған, тікелей экономикалық шығын 100 млн. доллардан астам қаражатты құраған.