Хайнаньда нөсер жауынға байланысты ең жоғары қауіп деңгейі жарияланды
Санья қалалық Білім беру ісі басқармасының мәліметі бойынша, сәрсенбі күні, 7 маусымда балабақшалар күні бойы жабық болады, ал бастауыш және орта мектептер жарты күн жұмыс істейді.
Санья қалалық метеорологиялық қызметі сәрсенбіде нөсер жауынға байланысты қауіп деңгейін қызғылт сары түстен ең жоғары қызыл деңгейге көтерді. Бірнеше сағатта қаланың жекелеген аудандарында 156 мм жауын-шашын жауған.
Санья қаласында толассыз жауын салдарынан қандай да бір жағдай болғаны туралы әзірге мәлімет түспеді.
Осы жылы мамыр айының соңында Хэнань провинциясында (Орталық Қытай) нөсер жауын жауды. Соның салдарынан бидай алқабына зақым келген. Осының салдарын жою үшін ҚХР Қаржы министрлігі мен Ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрлігі $28,21 млн қаржы бөлді. Қаражат табиғи апат салдарынан болған шығынды азайту үшін, яғни ауылшаруашылық техникасы мен дымқыл астықты кептіріп, егінді жинауға жұмсалатыны хабарланды.
ҚХР-да табиғи апат туралы халыққа ескертудің төрт деңгейі бар: көк, сары, қызғылт сары және қызыл түс.