Хайуанаттар бағы иттерді арыстан ғып киіндіріп халықты алдамақшы болған

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Қытай халқы Хэнань провинциясында "африка арыстандары" мен "экзотикалық бауырмен жорғалаушыларды" көрсетеміз деп келген хайуанаттар бағына ашулы, деп хабарлайды РБК.

Хайуанаттар бағы иттерді арыстан ғып киіндіріп халықты алдамақшы болған

Хайуанаттар бағының қызметкерлері бір жануарды екінші жануардың орнына киіндіріп, халықты алдаған. Көрермендер қызықтап тұрған арыстандар итше ырылдай бастағанда өтіріктің бас ашылды. Арыстансымақтардың астында тибет мастифтері жасырынып тұрған екен.
Оның артынша қызметкерлер де артық қылам деп тыртық қылды. Алаяқтар қалай ақталарын білмей, бірі арыстандарды хайуанаттар бағына шағылыстыру үшін алып кетті десе, екіншісі иттер мен арыстандар бір жерде өскесін, арыстандар да итше ырылдай бастады депті.