Хайуанаттар бағынан 5 қасқыр қашып кетті
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Колчестер хайуанаттар бағынан 5 қасқыр қашып кетті. Қасқырлардың біреуі транквилизатор көмегімен ұйықтатылып, қайта қамалды.
Екеуін атып тастады. Енді біреуі торға өзі қайтып келді. Кейінірек жалғыз қалған бесінші қасқырды полиция қызметкерлері тікұшақ арқылы тауып, атып өлтірді.
Хайуанаттар бағының қызметкерлері бұл әрекеттерін жабайы аңдардың қауіп төндіретіндігімен түсіндірді, деп хабарлады Би-Би-Си.
Аңдар 26 қараша күні таңертең қашып кеткен. Олардың сыртқа шығуына қасқырлар тұратын қоршаудың бұзылуы себеп болуы мүмкін деп болжанып отыр.