Хайуанаттар бағынан қашып кеткен аю екі әйелді мерт етті

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Жапониядағы Акита префектурасындағы хайуанаттар бағында қоршаудан шығып кеткен қоңыр аю сонда жұмыс істейтін екі әйелге тап берген.

Хайуанаттар бағынан қашып кеткен аю екі әйелді мерт етті

Олардың екеуі де мерт болды, ал бір жұмысшы зорға қашып құтылған, деп хабарлайды РИА "Новости" .

Агенттіктің деректерінше, хайуанаттар бағында 38 аю бағылуда. Қазіргі уақытта бақ жабық. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қашып кеткен алты аюдың барлығын аңшылар атып тастаған.