Хайуанаттар бағында 30 жастағы піл өлді
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеу хайуанаттар бағында Прима атты 30 жастағы піл өлді.
"Новости» хабарлағандай, мұның себебі әзірге анықталмай отыр. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, Приманың тістері шығып келе жатқан (пілдердің тістері өмірінде алты рет ауысады) және олар дұрыс өспеген. Соның салдарынан пілдің ас қорыту жүйесі бұзылып, ұзақ ауырған көрінеді.