Хайуанаттар бағында ешкі мен жолбарыс бесінші түн бірге түнеп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін Тимур деп аталып кеткен ешкіні Амур жолбарысының торына азық ретінде кіргізгені туралы хабарланған, бірақ жыртқыш аң оны жеген жоқ. Егер бұған дейін жолбарыс таңертең тордан өзі шығып жүрсе, енді ешкінің соңынан жүретінін күтіп тұратын болды.
None
None

Жолбарыс Амур мен оның азығына айналуы тиіс болған ешкі Тимур енді бір торда тіршілік ететін болды, себебі бұл екі жануар достасып үлгерді, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Приморье сафари саябағының директоры Дмитрий Мезенцев.

Бұған дейін жолбарысқа азық ретінде әкелінген ешкіге жыртқыш тимегені хабарланған, себебі Тимур батылдығын танытып, оны қасына жолатпай қойды. Ақыры ешкі жолбарыстың жататын орнына жайғасып та алды.

«Амур мен Тимурдың бір торда түнеп жүргеніне бесінші түн болды. Егер бұрын жолбарыс тордан жалғыз шығып жүрсе, енді артына қарап, ешкінің соңынан еретінін күтіп тұратын болды. Біз Амур Тимурды жемейді деп ойлаймыз, себебі ол оны азық ретінде емес, теңдесі ретінде көреді», - деді Мезенцев.

Соңғы жаңалықтар