Хайуанаттар бағында келушінің күртесін жеп қойған ақ аю өліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Штутгарт хайуанаттар бағының ақ аюы келушілердің бірінің күртесін жеп қойып, өліп қалды. Бұл туралы хайуанаттар бағының сайтында хабарланды.

Хайуанаттар бағында келушінің күртесін жеп қойған ақ аю өліп қалды

Аю өзін жайсыз сезінген соң, ветеринарлар оған жеңілдететін дәрі берген. Алайда жеп қойған күрте ішінде кептеліп қалып, толықтай сыртқа шықпаған. Сол жердің қызметкерлерінің айтуынша, күрте абайсызда жыртқыштың торына түсіп кеткен. Аюдың бас салып жеп қойғанына қарағанда, күртеде оның тәбетін тартатындай бірдеңе болғанға ұқсайды, деп хабарлайды НТВ.