Хайуанаттар бағында жолбарыстар жас жігітті талап тастады
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Копенгагеннің хайуаттар бағында жолбарыстар жас жігітті талап тастады. Бұл туралы бүгін дат астанасының полициясы хабарлады, деп жазды ИТАР-ТАСС.
Полиция басқарамасына хайуаттар бағынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, жолбарыстармен бірге тордың ішінде жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлады кезекші офицер Хенрик Орюе.
«Біз жігітті көру үшін жолбарыстарды жабық торға кіргіздік. Жас жігіт шынымен де қайтып кеткен. Оның жанында 3 жолбарыс анықталды. Жолбарыстардың оған шабуыл жасағаны айдан анық», - деді Орюе.
Полиция хабарлағандай, табылған құжаттарға сәйкес, қаза болған жігіт Данияда тұрып жатқан 21 жастағы шетелдік азамат болып шықты. Оның мойын тұсында, беті мен кеуде, жамбас және санындағы ауыр жарақаттар өлімінің себебі болды.
Полиция бұл оқиға өзін-өзі өлтіру деп болжауда. «Ол өзін-өзі өлтіруі әбден мүмкін. Себебі тордың ішіне кіру үшін биік металликалық қоршаудан өтіп, судан секіру қажет», деді ол.