«Хайвилл Қазақстан» компаниясы Түркістанда жұмыс істеуге ниетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Хайвилл Қазақстан» компаниясының бас директоры Джон Дэ Кангты қабылдады. Кездесуде тараптар екіжақты әріптестікті күшейтіп, Түркістан қаласын дамыту мәселелерін сөз етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. 

«Хайвилл Қазақстан» компаниясының бас директоры Джон Дэ Канг Түркістан қаласында түрлі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер салуға ниетті екенін жеткізді. Ал, өңір басшысы құрылыс саласында өзіндік орны бар кореялық компаниямен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

 «Түркістан қаласын дамыту Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында тұр. Алдымызда ауқымды міндеттер бар. Қазірдің өзінде Түркістанда ғимараттар салуға көптеген компаниялар қызығушылық танытып жатыр. Сіздерді де бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Келіссөзіміз сәтті аяқталса, жер беріліп, инфрақұрылым тартылады. Заман талабына сай нысандарды салуға мүмкіндіктеріңіз бар», - деді Жансейіт Түймебаев.
null 

 Кездесуде облыс әкімдігі мен компания басшылығы алдағы уақытта да келіссөздерді жалғастыру жөнінде уағдаласты. Жиыннан соң кореялық компания өкілдері Түркістан қаласын дамыту жөніндегі жобалар мен жоспарлармен танысты. 

null 

Соңғы жаңалықтар