«Хайян» тайфунының құрбандары 5 мыңнан асты

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Екі апта бұрын Филиппиндегі «Хайян» жойқын тайфуны салдарынан қаза болғандардың саны 5 мыңнан асты. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады, деп жазады ВВС.

«Хайян» тайфунының құрбандары 5 мыңнан асты
Төтенше жағдайлар бойынша ұлттық агенттік мәліметіне қарағанда, ресми түрде 5209 адамның өлімі расталды. Алайда, қазірге дейін көптеген азаматтар із-түссіз жоғалғандар санатында жүр. «Хайян» тайфуны Филиппиннің тарихындағы ең жойқын табиғи апат ретінде танылды. Өткен аптада БҰҰ тайфуннан 13 миллионнан астам филиппиндік зардап шеккенін, оның ішінде 5 миллионы балалар екенін хабарлады. Белгілі болғандай, табиғи апат салдарынан жарты миллионнан астам адам баспанасыз қалып, бүгінде ашық аспан астында күнелтуде.