HBO Головкин - Джейкобс кездесуін тағы бір рет көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - HBO телеарнасы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында биылғы жылдың 19 наурызында өткен Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Дэниэл Джейкобстың (32-2, 29 КО) кездесуін тағы да көрсетеді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Жекпе-жек Нью-Йорк уақыты бойынша, сағат 22-00-де көрсетіледі. Сонымен қатар, Романа Гонсалес (46-1, 38 КО) пен Висаксил Вангиктің (42-4-1, 38 КО) де жекпе-жегін қайталап көрсету жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Головкин Джейкобсты төрешілердің бірауыздан берген даусымен жеңді, ал Гонсалес өз карьерасында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін қазақтандық боксшының промоутері Том Леффлер Головкин - Джейкобс кездесуінің HBO арқылы трансляциялануын сөз ете келе 170 мың жазылушы туралы айтқан болатын.