HBO Головкинді өзінің ешбір аталымына енгізбеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық HBO телеарнасы 2017 жылдың қорытындысы бойынша, бокстан түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздардың тізімін жариялады, деп жазады Sports.kz.

HBO Головкинді өзінің ешбір аталымына енгізбеген

Айта кетейік, аталмыш тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) де, оның бапкері Абель Санчес те жоқ. Головкиннің Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі де үздіктердің қатарынан табылмаған.

Жыл боксшысы: Василий Ломаченко. Жыл жекпе-жегі: Энтони Джошуа - Владимир Кличко. Жыл нокауты: Давид Лемье (Кертис Стивенспен кездесуі). Жыл адамы: Энтони Джошуа. Жыл бапкері: Эдди Рейносо.