HBO телеарнасы Головкин-Маклин кездесуін 2013 жылдың үздіктер тізіміне енгізді. ВИДЕО

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Меттью Маклин арасындағы кездесу HBO телеарнасының нұсқасы бойынша жылдың үздік он кездесуінің қатарына енді, деп хабарлады vesti kz.

HBO телеарнасы Головкин-Маклин кездесуін 2013 жылдың үздіктер тізіміне енгізді. ВИДЕО

Еске сала кетейік, бұл кездесу 30 маусым күні Машантакетеде өткен болатын. Головкин өзінің қарсыласын үшінші раундта жеңіп, оның соққысынан британдық боксшы бірнеше минут бойы орнынан тұра алмады. Бұл қазақстандық спортшының өткізген 27 кездесуіндегі 27-ші жеңісі болды.

Головкин мен Маклин кездесуі HBO телеарнасында 25 желтоқсан күні Boxing's Best бағдарламасының аясында қайталап көрсетіледі.