Хельсинки-Астана рейсі кейін Алматыға ауыстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұрат Нұртілеуовтің айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін Хельсинки-Астана әуе рейсі Алматы қаласына ауыстырылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хельсинки-Астана рейсі кейін Алматыға ауыстырылады

"Астана-Хельсинки тікелей әуе рейсінің ашылатынын жақсы білесіздер. Біз ЭКСПО-2017 көрмесі біткен бойда оны Алматы қаласына ауыстыру туралы келіссөздерді жалғастыратын боламыз", - деді М. Нұртілеуов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте елші Нұртілеуов Финляндияның президенті Саули Ниннистенің Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне келетінін xабарлады .  Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 19 маусымнан бастап Астана-Хельсинки бағыты бойынша екі ел арасындағы тікелей әуе рейсі ашылады .