Хельсинки әуежайында автобус ұшақты соқты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні кешқұрым автобус Хельсинки-Вантаа әуежайында тұрған Flybe компаниясының ұшағына соқтығысты, деп хабарлады Yle.
Жолаушылардың айтуынша, автобус ұшақ моторына соқтығысқан.
Бұл кезде жолаушылар ұшақтан шығар сәтті күтіп отырған. Олардың бірқатары құлаған. Дегенмен ешкім ауыр жарақаттанған жоқ.
Бір қызығы, автобус ішінде жүргізуші болмаған.