Хемингуэйдің немересі атасының мемуарын қалпына келтірді

МӘСКЕУ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Эрнст Хемингуэйдің немересі Шон 1920 жылдардағы оның Париждегі өмірі туралы «Әрқашан өзіңмен бірге болатын мереке» деп аталатын классикалық мемуарын редакциялады.
None
None


Кітап АҚШ-та ағымдағы жылғы шілдеде шығады. Ол «Қалпына келтірілген басылым» деген тақырыпшаға ие болды, оның алғы сөзін Хемингуэйдің ұлы Патрик жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

 Шон Хемингуэй басылымға оның Париждегі өмірі туралы Хемингуэйдің бұрын жарияланбаған, оның ішінде оның бірінші әйелі Хэдли мен ұлы Джекпен арадағы қарым-қатынастары туралы жазбаларын, Фрэнсис Скотт Фицджеральд пен Форд Мэдокс Фордтың аяқталмаған портреттерін, сондай-ақ  өзінің әдебиетпен айналысуға деген алғашқы талпынысы туралы естелігін қосқан.

Соңғы жаңалықтар