20:15, 06 Қаңтар 2009 | GMT +5
Хемингуэйдің жеке құжаттарының электрондық мұрағаты жұмыс жасай бастады
МӘСКЕУ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат – Кубада аралда 20 жыл тұрған американдық жазушы Эрнест Хемингуэйдің жеке мұрағатының алғашқы сандық жүйеге көшірілген алғашқы нұсқалары ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Кубада сақталған бұл материалдардың көпшілігі ешқашан жарияланбаған. Олардың бәрі де сандық нұсқаға көшірілмек.Мұрағатта екі мыңнан астам құжаттар, соның ішінде қолжазбалар мен шығармалардың алғашқы нұсқалары, хаттар, дүкендердің чектері бар. Бұдан басқа Хемингуэй тұрған имениеде 3,5 мыңға тарта фотосуреттер мен жазушының жеке кітапханасындағы 9 мыңнан астам кітап сақталған.