Хеопс пирамидасының туған күні ойлап табылды

АСТАНА.  Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Мысырлықтар    Хеопс   пирамидасының  туған күнін ойлап   тапты.     Пирамиданың  құрылысы    біздің дәуірімізге  дейін    2470   жылы      тамыздың  23-інде басталған екен. 

Хеопс пирамидасының  туған  күні ойлап  табылды

Бұл туралы     Ғиза провинциясының   губернаторы Сайид Әбдел-Әзіз    мәлім етті. Бұдан былай тамыздың 23-і -  провинциядағы мерекелік күн   болатын болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат  РСН агенттігіне  сілтеме  жасап. 

Пирамида құрылысының басталған  күнін     зерттеушілер тобы   асқан құпия жағдайда  есептеп шығарып  отыр,  деп   хабарлады губернатор.