Heritage Auctions бәссауда үйі 1,9 мың сирек кездесетін монеталарды саудаға шығарды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Heritage Auctions бәссауда үйі Нью-Йоркте танымал нумизмат Эрик Ньюманның 102 жылдығына арналған коллекциядан алынған сирек кездесетін монеталарды

Heritage Auctions бәссауда үйі 1,9 мың сирек кездесетін монеталарды саудаға шығарды

саудаға шығарды. Бұл туралы сейсенбі күні ИТАР-ТАСС-тың тілшісіне Heritage Auctions-тың қоғаммен байланыс бойынша директоры Ной Флайшер хабарлады. «Сейсенбі күні басталып, бейсенбіде аяқталатын саудада Ньюманның коллекциясындағы 150 мемлекеттен жиналған 1,9 мыңға жуық монета таныстырылады», - деп атап өтті Флайшер.

Heritage Auctions өкілінің сөзіне қарағанда, Миссури штатының бұрынғы адвокаты қазір жасы 102-ге келген Эрик Ньюман коллекция жинауды 1930 жылдары бастап, ол үшін 7,5 мың доллар көлемінде ақша жұмсаған.

Қараша айында Нью-Йоркте өткен саудада нумизматтың коллекциясындағы Американың 1,8 мың монетасы 23 млн. долларға сатылған, осыған ұқсас басқа бәсаудалар да сәтті өтті.