ХҒС экипажының үш мүшесі мінген аппарат Қазақстан аймағына қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасы экипажының үш мүшесі мінген «Союз МС-02» ғарыш кемесінің аппараты Қазақстанға қонды, деп хабарлады мәскеу маңындағы Ұшуды басқару орталығынан. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Ұшырылымды басқару орталығында «Есть посадка!» деген жазба пайда болды. Жерге 173 тәуліктен кейін ресейлік ғарышкерлер Андрей Борисенко және Сергей Рыжиков, сондай-ақ америкалық астронавт Роберт Шейн Кимброу қайтып оралды.
Ұшырылымды басқару орталығындағы командирдің айтуынша, экипаж өздерін жақсы сезінетіндерін айтқан.