ХҒС ғарышкерлерді жерге аттандыруға дайындалып жатыр
ҚазАқпарат - Кеше Мәскеу уақытымен 20:58-де Халықаралық ғарыш стансасы орбитасында түзету жұмысы жүргізілді, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.
Оны ХҒС-ға 12 тамызда келген ATV-5 «Жорж Леметр» Еуропалық ғарыш кемесі жүзеге асырады. Және сонда «Союз ТМА-12М» кемесінің қонуы жоспарланған. Ресей ғарышкерлері құрамында Александр Скворцов пен Олег Артемьев, сонымен бірге, НАСА-ның ғарышкері Стивен Свонсон бар.
Аталған Ресей-америкалық экипаждың жерге оралуы 2014 жылдың 11 қыркүйегіне жоспарланған.
Қазір ХҒС-да Свонсон, Скворцов және Артемьевтен басқа ресейлік ғарышкер Максим Сураев, американдық астронавт Грегори Уайзман және неміс ғарышкері Александер Герст жұмыс жасауда.